Bugin
Иранның Ахваз қаласының тұрғыны 17 жасар әйелінің басын шауып алып, оның басымен көшені аралап шықты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Iran International агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жантүршігерлік қылмыс ақпанның 5-і күні болған. Басылымның мәліметінше, Мона Хейдари есімді қыз күйеуінен қашып Түркияға кеткен. Алайда, қыздың әкесі оның елге қайта оралуына себепкер болып, күйеуіне қызын ауылға қайтаруға көмектескен.
Осыдан кейін күйеуі мен оның ағасы отбасына қара күйе түсірген қызды өлтірмек болыпты. Олар алаңда қыздың басын шауып алып, көше кезген, алайда бірнеше сағаттан соң екеуі де ұсталды.
Иранның БАҚ-ты бақылау ұйымы өлтірушінің әйелінің басын көтеріп түсірген видеосын бірінші болып жариялаған Rokna ақпарат агенттігіне тыйым салды.
Құқық қорғаушылардың пайымдауынша, бұл Иранда отбасын ұятқа қалдыру үшін қолданылатын әдеттегі намысты өлтіру. Мәселен, ел Конституциясының 630-бабына сәйкес, ер адам «өзара келісім бойынша азғындық» куәгері болса, әйелін өлтіруге құқылы.
Ахваздағы әйелдер құқығын қорғайтын үкіметтік емес ұйымның мәліметі бойынша, соңғы екі жылда 60-қа жуық әйел ар-намысы үшін өлтірілген, соның ішінде 10-15 жас аралығындағы әйелдер. Қылмыскерлердің ешқайсысы жауапқа тартылмады, өйткені отбасылардың көпшілігі сотқа да бермеген.