Bugin

Белгілі оппозиционер түрмеден хат жолдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинадан Қазақстанға алты жылдан кейін оралып, әуежайдан ұсталған оппозиционер Ермек Нарымбаев тергеу изоляторында отырып хат жазды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Махамбет Абжанның телеграм-арнасында жариялаған хатта Ермек Нарымбай өзі жатқан камераның сызбасын сызып, өлшемін аяқ киіммен көрсеткен. Төменде көрсетілген қағазда ол 1 аяқ киімнің – 26 см екенін, камераның ені мен ұзындығы 12*9 аяқ киімге теңдігін жазыпты.

Оппозиционер өзінің Алматы қаласының әуежайынан қалай ұстап алып кеткенін де хатта жазып көрсеткен.

- «Әуежай. Ұшақтан түсе салысымен әуежай ғимаратының екінші қабатынан шықтым. Бірінші қабатқа түсіп бара жатып 7-8 азаматтық киімдегі ҰҚК, ІІД қызметкерлерін көрдім. Олар менің артымнан жүріп отырды. Бірінші қабатта азаматтық киімдегі екі әйел адам ұшып келушілердің ПЦР-тестін тексеріп жатты. Осының барлығы кедендік бақылау алдында кезек тудырды. Аяқ астынан мені залдағы офицер оң жақтағы ең шеткі кабинетке өтуімді сұрады, ал мен ел көп шоғырланған ортадағы кабинетке кірмек болып тұра бердім. Залда болған офицер кезектегі барлық адамдарды бос кабинеттерге бөле бастады, мен сол кезде жаңағы оң жақ шеткі кабинетке кірдім. Кірген кезде бетперде мен көзілдірігімді шешуімді сұрап, веб-камераға түсіріп алды, төлқұжатыма штамп қойып оны сол жерге келген офицерге берді. Ол маған Қазақстан аумағынан қалай шығып кеткенім туралы бірнеше сұрақ бар екендігін айтты. Бөлмеде 7-8 қызметкер болған еді. Олар менің қолыма кісен салып Си-18 мекемесіне алып кетті» - делінген хатта.