Bugin

Қазақстан Калашников автоматын құрастыруды қолға алады

Эргономикасы мықты қару

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биылдан бастап Қазақстан атақты Калашников автоматын құрастыруды қолға алмақ. Нақтырақ айтсақ, қаруды Ақмола облысындағы ірі көлік құрастыру кәсіпорындарының бірі – "Тыныс" зауыты шығарады. Мұны ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі хабарлады.

Қазақстанның АК автоматын құрастыруға кірісетіні 2021 жылы белгілі болған. Былтыр "Калашников" компаниялар тобы мен "Қазақстан инжиниринг" компаниясы арасында келіссөз жүрді.

"Калашников" компаниясы АК 100 қаруының түрлі серияларын шығарады. Қазір жаңадан құрастырылған, жоғары технологиялы АК-12 және АК-15 үлгілерін шығаруға басымдық беріп отыр. Бұл автоматтардың эргономикасы мықты, нысананы көздеуі жақсы.

Көкшетаудағы "Тыныс" зауыты да 2015 жылдан бері құрастырылып келе жатқан АК-12 мен АК-15 автоматтарын құрастырумен айналысады.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстан биыл қорғаныс қару-жарағын жетілдіру мақсатында тағы бірнеше жобаны қолға алмақ. Атап айтқанда, "№405 Авиожөндеу зауыты" фирмасы Ми-171Ш тікұшағын құрастыруды қолға алса, "Қазақстандық авиациялық индустрия" ЖШС кәсіпорнында Airbus ұшақтарына қызмет көрсететін сервистік орталық құрмақ.

"Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ базасында мемлекеттік шекараны қорғаудың техникалық құралдарын өндіру, "Тыныс" АҚ, "Алма МҮ" ЖШС, "Милитарм" ЖШС кәсіпорындарында радиациялық және химиялық қорғау құралдары өндірісін жолға қою жоспарланған", - деп мәлімет береді ведомства.