Bugin

Ақтауда көпбалалы аналар митингіге шықты – әкімдік түсініктеме берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

9 ақпанға қараған түні Маңғыстау облысының ондаған тұрғыны әкімдік ғимаратының алдындағы жолдың бір бөлігін жауып тастады. Осы оқиғаға байланысты қала әкімдігі түсініктеме берді, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

«8 ақпан күні бұған дейін Ақтауда жалдамалы баспана алған жаңаөзендік 30 әйел кешкісін облыс әкімдігіне келіп, облыс әкімдігінің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жазған ресми хатының көшірмесін талап еткен.

Бұған дейін бұл әйелдер әкімдікке келіп, қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған арендалық тұрғын үйді жекешелендіруді де сұраған.

Облыс әкімінің орынбасары бұл мәселені зерттеу үшін әйелдер арасынан бастамашыл топ өкілдерінің қатысуымен комиссия құруды ұсынды.

Бүгінде комиссияның екі отырысы өтті.

Кеше, ақпанның 8-і күні кешке бір топ әйел әкімдікке келіп, комиссия отырысының жалғасуын талап етті. Алған жауаптарына қанағаттанбаған олар облыс әкімдігінің алдындағы жолды жауып тастады.

Тәртіп сақшылары жолды босатып, әйелдерге олардың әрекеттері қоғамдық тәртіпті бұзғаны туралы түсініктеме берілді», - делінген хабарламада.