Қоғам

Байбек пен Сағынтаевтың халықтың өтініштерін елемегені белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматының бұған дейінгі әкімдері қала тұрғындарының кейбір өтініштерін елемеген болып шықты, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

2020-2021 жылдар аралығында облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың басқаруымен eGov «Ашық диалог» порталы арқылы әкімдікке 4,4 мың сұраныс жіберілген. Оның ішінде әкімдік 42 пайызына ғана жауап берсе, қалған 58% пайызы қараусыз қалған, бұл – 2,5 мың өтініш, деп жазады Ranking.kz сайты.

Сонымен қатар осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде жауап тапқан өтініштердің үлесі 97 пайыздан асты.

Ал Бауыржан Байбек әкім болған тұста жауап алған өтініштер саны 85,5 пайызға жетті.

Біріншіден, әкімдіктің белсенділігі төмен болды, екіншіден, жауаптардың сапасы да керемет болмаған. Бұл туралы зерттеушілер айтып өтті. Қысқаша айтқанда, 2020-2021 жылдары азаматтардың 44,4 пайызы әкімдіктің жауабына қанағанттанбаған.

Айта кетейік, жауапсыз қалған өтініштердің көбі әлеуметтік және қоғамдық сипатта болды. Өтініштердің 47 пайызы ШОБ мәселелері бойынша, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша – 62,7 пайызы, мемлекеттік органдардың жұмысы бойынша – 63,1 пайызы, құрылыс және тұрғын үй мәселелері бойынша – 63,5 пайызы.