Bugin
Ұлыбритания Парламентінің депутаты Маргарет Хедж (Margaret Hodge) Қазақстанның бұрынғы билігінің біраз адамдарының атын атап, оларға санкция салуды сұраған болатын, деп хабарлайды bugin.kz порталы.
Тимур Құлыбаев пен оның әйелі, Назарбаевтың қызы Динара Назарбаева және олардың серіктесі Арвинд Тику.
Деректер Тимур Құлыбаевтың қызметін асыра пайдаланып, байлығын еселеумен ғана айналысқандығын айтады.
2020 жылы Financial Times басылымы Тимур Құлыбаевтың ірі мемлекеттік құбыр келісім шарттары арқылы табыс табудың құпия схемасын жасағанын жазады. Басқа да ақша жымқыру және пара алу фактісі бойынша жасалған зерттеулер оның атын атайды.
Forbes мәліметі бойынша оның байлығы 2,9 миллиард доллар. Оның Ұлыбританияда құны 60 миллион фунт стерлинг тұратын жылжымайтын мүлкі бар.