Ұсталған Павлодардағы зауыт директорының ұлы Тоқаевқа шағымданды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодар мұнай-химия зауытының ұсталған бас директорының ұлы Тоқаевқа шағымданды, деп хабарлайды bugin.kz порталы.

«Құрметті Қасым Жомарт Кемелұлы!

Менің атым Сұлтан Оспанбек, Павлодар мұнай-химия зауытының бас директорының ұлымын.

Ақпанның 7-сі күні әкем ақша жымқырды деген күдікпен ұсталды. Ал кеше ешқандай дәлелсіз 2 айға қамауға алынды.

Тергеушілердің мәліметінше, әкем бұл қызметке 2017 жылдың 22 желтоқсанында тағайындалғанымен, 2018 жылдың 3 қаңтарында Бас директордың атынан «Ертіс Нефть Сервис» компаниясымен қоспаларды жеткізу туралы келісімге қол қойды деп айыпталып отыр.

Біз тағылған айыпқа қатысты барлық дәлелдерді келтірдік, алайда экономикалық тергеу басқармасының тергеушісі Асылхан Асан оларды елеусіз қалдырды. Ол бұның Ақордадан түскен бұйрық екенін, әлі де айыпталатынын айтты. Тергеушінің айтуынша, барлығына мұнай-газ саласымен айналысуға жоғарыдан берілген бұйрық себеп болған.

Осы мәселеге назар аударуыңызды сұраймын», - делінген хабарламада.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61