Hi-Tech

Yamaha Clavinova: Музыка әлеміндегі цифровизация

Еуропа халқының кербез музыкаға деген махаббаты фортепианоның кәсіби дамуына себепші болды. Музыка саласында, әсіресе жаңашыл технологиялардың пайда болуымен қатар күйсандықтар да біршама цифровизациядан өтті. «Minimoog», «Fairlight» сияқты атақты брэндтердің қатарында Жапондық Yamaha корпорациясының аспабы Clavinova миллиондаған музыканттың көңілінен шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Yamaha Clavinova цифрлық пианиносы алғаш жарық көрген 1983 жылдан бері дыбыстың барынша сапалы түрлеріне қол жеткізу үшін көптеген жаңашыл технологияларды қолданып келеді. Clavinova 3 бағытты қамтиды: CLP – классикалық аспап түрі, CVP – синтезатор мен пианино аспаптарының классикалық қосындысы және CSP – синтезатор қызметінің элементтерімен толықтырылған классикалық аспаптың тағы бір түрі.

Clavinova өзінің заманауи пианиноларға ұқсас ықшам көлемі мен синтезаторлық мүмкіндіктері арқылы ерекшеленді. Әсіресе, классикалық моделі мен баптау тілінің жеңіл болуы оны өз заманында өте танымал етті. 

Сырт көзге аккустикалық рояльдан еш айырмасы болмағанымен, әуенді сақтау, жүктеу, дыбысты құбылту сияқты қызметтері болды. Аспап үй жағдайында қолданылса интеллектуалды дыбыс реттегіш дыбысты автоматты түрде азайтады. Соңғы шыққан модельдері USB немесе сымсыз желі арқылы компьютерге де қосылуға мүмкіндік сыйлады.

2017 жылы Musikmesse көрмесінің аясында жасап шығарушы тарап жаңа, Yamaha Clavinova CLP-685 цифрлық пианиносын ұсынды. Бұл үлгі алдыңғы үлгіні нағыз аккустикалық рояль әсерін беретін GrandTouch пернелері мен бір перненің басқа пернелерге вибрация беретін Virtual Resonance Modeling технологиясының жетілген үлгісі, сондай-ақ орнатылған Bluetooth технологиясы арқылы әлдеқайда басып озды.

Осылайша Yamaha компаниясы өзінің ең танымал өнімін жыл өткен сайын барынша жетілдіріп келеді.