Bugin
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды, деп хабарлайды bugin.kz порталы холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жалғыз акционердің шешіміне сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 4 ақпандағы № 50 бұйрығы) «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды.
Қазіргі уақыттағы Директорлар кеңесінің құрамы:
Смайылов Әлихан Асханұлы – Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі;
Скляр Роман Васильевич – Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;
Сүлейменов Тимур Мұратұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары;
Қуантыров Әлібек Сәкенұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;
Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы – Директорлар кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
Клаус Мангольд – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
Томас Миров – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
Филип Йео – Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.