Bugin

Болат Назарбаев қоры "Қазақстан халқына" 1 млрд теңге аударды

Халықтың ақшасын қайтарып берді 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Болат Назарбаевтың "Салиқалы Ұрпақ" қайырымдылық қоры "Қазақстан халқына" әлеуметтік қорына 1 миллард теңге аударды. Бұл жайлы Sputnik Қазақстан қор сайтына сілтеме жасап хабарлады.

"Салиқалы Ұрпақ" қорының ұжымы мен басшылығының атынан қайғылы қаңтар айының құрбандарына көңіл айтамыз. Еліміз үшін осы қиын уақытта біз мемлекет басшысының айналасына бірігуге және Қазақстан халқына көмектесуге тиіспіз", - делінген қордың сайтында жарияланған ақпаратта.

"Салиқалы Ұрпақ" қоры өз жұмысын 2016 жылы бастады. Бес жыл ішінде білім беру, денсаулық сақтау, халықтың осал топтарын қолдау саласында 1 миллиард теңгеден астам сомаға қайырымдылық жобалары іске асырған.

"Қазақстан халқына" қорының басшысы Болат Жәмішевтің есебіне сәйкес, 150 миллиард теңгеге дейін ақша түсуі керек. Қазір жиналған қаржы 115 млрд теңгеден асты.