Bugin

Мәди Ахметов Тоқаевтың бастамасына қолдау білдірді

Жастар саясаты 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәжіліс депутаты Мәди Ахметов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл жастары жайлы айтқан тапсырмасына қолдау білдірді.

Оның айтуынша, мемлекет басшысының былтыр айтқан ауыл жастарының жағдайын жақсартуға бағытталған тапсырмасы әлі дұрыс орындалмай отыр.

"2020 жылы мамырда мемлекет басшысы үкіметке ауыл жастарының жағдайын жақсартуды тапсырған еді. Егер бұған шұғыл түрде кіріспесек, көші-қон мен урбанизация (қалаға көшу – ред.) күшейетінін, ал мұның соңы әлеуметті және саяси проблемаларға алып келетінін айтты. Бірақ президенттің тапсырмасы сол күйі орындаусыз қалды. Нәтиже жоқ. Үш жылдың ішінде жастар саясатына жауап беретін іргелі мекеме – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі бес рет ауысты. Бұдан кешенді жұмыстың жүруі неғайбыл", - деді Ахметов.

Оның айтуынша, ауыл жастарын көтермелеуге бағытталған бірыңғай өңірлік бағдарлама жоқтың қасы. Ал жастар саясатына бөлінген қаржы діттеген жеріне жетпей жатыр. Соның кесірінен екі жылдың ішінде 340 мың ауыл жасы қалаға көшіп кеткен.

"Ауыл жастарын қолдаудың қарапайым тетіктерін іске қосу керек. Қандай бағдарлама жасақтауға боларын кеше мемлекет басшысының үкімет отырысында айтқан баяндамасынан анықтауға болады", - деп кеңес берді сөз соңында Ахметов.