Bugin
Қаңтар оқиғасын сөз етті
27 ақпан күні Белоруссияда конституциялық референдум өтеді. Белорусь Ата заңының жартысына жуығы өзгертіп, енді халық талқысына салынбақ. Бұл жайлы БелТА хабарлады.
Конституцияға енгізілген өзгерістерді талқылауға жиналған бүгінгі Белоруссия Қауіпсіздік кеңесінің отырысында президент А.Лукашенко Қазақстанда болған оқиға жайлы сөз қозғады.
"Ата заң біздің елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс. Қазір қауіп-қатер көп. Қазақстанда болған қаңтар оқиғасы – соның айқын дәлелі. Бұл Ресей мен біздің елге төнген тікелей қауіп. Бүкіл посткеңестік кеңістікке төнген қауіп", - деп өтті беларусь басшысы.