Bugin

Дариға Назарбаеваның әлі күнге дейін жұмысқа шықпағаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дариға Назарбаева мәжілістің кеңейтілген отырысына қатыспады. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

- «Депутат әлі де жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында», - деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі коронавируспен ауырғандықтан, қаңтар айының соңына дейін жалақысы сақталмайтын демалыста болған. Ол сырқаттан кейін оңалу кезеңінен өтіп жатыр,-дейді баспасөз қызметі.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева жыл басынан бері парламентке келмеді.

Нұрлан Нығматулиннің орнына мәжілістің жаңа спикері Ерлан Қошанов сайланғанда да болмады.

Комитет басшысы Альберт Рау Дариға Назарбаеваның еңбек тәртібін бұзбағанын және тек нақты себептермен ғана жұмыста болмағанын айтқан.