Bugin

Саясаткер қазақстандықтарды митингіге шақырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Саясаткер әрі кәсіпкер Болат Әбілов қазақстандықтарды қаңтардағы қайғылы оқиғада қаза тапқандар азаматтарды еске алу митингісіне  шақырды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайлы.

– «Құрметті жерлестер! Қанды қаңтардағы ұлттық трагедияға 40 күн болды. Ал біздің азаматтық борышымыз – қаза болғандардың рухына тағзым ету. Мен, Болат Әбілов, 13 ақпан күні сағат 12.00-де Республика алаңына барша азаматтарды еске алуға арналған бейбіт митингке шақырамын», - деді Әбілов видео үндеуінде.

Еске салайық, қаңтардағы қайғылы оқиға кезінде 227 адам қаза болса, оның 19-ы құқық қорғау органдарының өкілдері. Қалған құрбандардың аты-жөні әлі ресми түрде жарияланған жоқ.