Bugin

Қоғам белсендісі: «Өзбекстан жылына 250 000 автокөлік шығарады»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қоғам белсендісі Нұраддин Садықов Қазақстан мен Өзбекстан автокөлік өндірісіндегі  айырмашылық жер мен көктей екенін айтты. Бұл туралы ол Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

- «Қазақстанда жылына 21 мың көлік шығарылады. Ал, Өзбекстанда жыл сайын 250 мың автокөлік шығарып отыр. Олардың автоөндірушілері салықтық жеңілдіктердің бәрінен босатылмаған. Олар таможныйын, салығын бәрін төлейді. Сөйтіп отырып 250 мың автокөлік шығарады. Біздікілер оның бәрін төлемейді, бірақ 21 мың автокөлік шығарамыз. Соны ғана шығаратын шамамыз бар әзірге. Іскерлік бұл жерде. Қолынан іс келмей ме қою керек. Бұл сол салада жүрген кәсіпкерлердің қабілетсіздігі немесе ашкөздігі» - деді "УТИЛЬСБОРға ЖОЛ ЖОҚ" қоғамдық қозғалысының белсендісі Нұраддин Садықов.