Алматы облысында полицейлер митингіге шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысында полицейлер митингіге шықты. Талдықорғанда 9 ақпан күні кешкісін полицейлер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ғимаратының жанына жиналды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

Криминалдық полиция басқармасының қызметкері Кенжебаевтың азаптау фактісі бойынша ұсталғанын хабарлады. Сонымен қатар, оның әріптестері жұмыстан кету туралы жаппай хат жазуды жоспарлаған.

Ал 9 ақпан күні кешкі уақытта полиция өкілдері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті ғимаратының жанына жиналды. Ал, Алматы облысы ІІД бастығының орынбасары кейін келді.

Алматы облысының құқық қорғау органдарындағы дереккөздің айтуынша, азаптау бойынша қылмыстық істер бар, бірақ криминалдық полиция қызметкерлерінің ешқайсысы ұсталмаған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61