Спорт
Сауль "Канело" Альварестің гонорары және Геннадий Головкинмен жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сайт мәліметінше, мексикалық боксшы 2022 жылы DAZN қызметінде құны 85 миллион доллардан асатын екі жекпе-жек өткізбек. Қазір олар мәміле жасасып жатыр. Бұл деректерге сүйенсек, дереккөз "күрделі схема" деп атаған "Канелоның" жоспары мынадай:
- 7 мамыр - "Канелоның" жартылай ауыр салмаққа ауысуы және WBA белбеуінің иегері Дмитрий Биволмен жекпе-жегі;
- 17 қыркүйекте Альварес супер орта салмаққа оралып, Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жегінде төрт белбеуді де қорғайды.
- «Дереккөз мәліметінше, келісім әлі келісіліп, қол қойылған жоқ. Бірақ келіссөздер аяқталуға жақын», - делінген хабарламада.