Қоғам
Танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Азимжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязов ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабымен (қаржы пирамидасын құру және оны басқару) күдікті деп танылды. Ол жайлы белгілі журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-каналында жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Егер оларға тағылған айып дәлелденсе әрқайсысы 5-10 жыл аралығында бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Қазір үшеуі кепілмен босатылған.
Тергеушілердің айтуынша, Төребаев, Саидбаев және Шерниязов Mudarabah capital пирамидасын жарнамалап қана қоймай, компанияның иегерлері ретінде тұрақты түрде табыс тауып отырған.
Бұған дейін осы іс бойынша компанияның бас директоры Руслан Бұрқанов қамауға алынған еді, кейін онымен бірге тергеу изоляторына басқа да әріптестері қосылған.