Ту жамылған азамат алаңға барып мерт болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қанат Таласбаев Алматы қаласында жалдамалы пәтерде тұрады. Өзі мұнда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласынан қоныс аударып келген. Бұл туралы bugin.kz порталы ztb_kazakhstan Instagram парақшасына сілтеме жасап жазады.

«5 қаңтар күні жұмыстан шығып, алаңға барған. Бір танысымыз ағаммен бірге бейбіт шеруге шыққандарын айтты. Ал желіде таралып кеткен суретін бір блогер түсіріп алған екен. Суретті 5 қаңтар күні кешкі 5-6-лар шамасында түсірген. Сол күннен бастап телефоны өшіп тұрды. Қанат бірнеше жерде жұмыс істегеннен кейін, үйге келмегенінен қатты сескенбедік. Жұмысында түнеп қалған шығар деп ойладық», - дейді марқұм азаматтың қарындасы Қымбат Таласбаева.

Қанат Таласбаевтан 5 қаңтардан бастап хабар үзілген. Телефонына да қоңырау бармайды. Осылайша іштен тынып отырған жақындары 7 қаңтар күні марқұмның ту жамылған суретін көреді. Жары Динара суретті көре сала алаңға барғанын түсініп, бірден іздеуге шыққан. Алпысбаева күйеуінің алаңға ешкімге айтпай шыққанын айтып, егер шығатынын білгенде жібермес едім дейді.

Марқұм Қанат Таласбаевтың денесін тану үшін, әйелі мәйітханаға кіреді. Оның сөзінше, денесінде зорлық-зомбылықтың іздері байқалмаған. Тек оқтың орны ғана тұр.

«Оқ ішінен тиген. Ұрып-соққан белгілер көрінген жоқ. Алаңда жүрген жерінен оқ тиіп, бірден жүріп кеткен сияқты. Мәйітхана қызметкерлерінің берген анықтамасында «ішінің оң жағына оқ тиген» деп жазылған», - дейді Алпысбаева.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61