Bugin

Дариға Назарбаева өз еркімен отставкаға кетуі керек - Айдос Сарым

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Нұр Отан» партиясының депутаты Айдос Сарым Дариға Назарбаева туралы ойын айтты, деп хабарлайды bugin.kz порталы orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Менің ойымша, Дариға Назарбаева өз еркімен отставкаға кетуі керек. Ол «Жаңа Қазақстан» құрамына кірмеді», - деді ол.

Сонымен қатар депутат «Алтын Орда» базарының Болат Назарбаевқа қатысы бар ма, жоқ па екенін де айтып өтті.

«Менің білуімше, «Алтын Орда» базарының бенефициарларының арасында Болат Назарбаев жоқ, бірақ оның айналасындағы адамдар бар», - деді Айдос Сарым.

Оның айтуынша, «Алтын Орда» базарындағы жағдайды тексерген кезде Болат Назарбаевтың есімі бенефициар ретінде танылса, бұл туралы шындықты халық білуі керек.