Bugin

Павлодар мұнай химия зауытының бас директоры ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС бас директоры Оспанбек Алсеитов ұсталды. Қаржылық бақылау агенттігі ақпаратты растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Павлодар облысы бойынша жергілікті департамент Алсеитов пен басқа азаматтардың ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Іс Қылмыстық кодекстің 189-бабы ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша қозғалған.

Павлодар қалалық мамандандырылған тергеу соты күдікті Алсеитовты 2 айға қамауға алу туралы үкім шығарды.

Тергеу ісі жалғасуда, өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жарияланбайды.