Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМәжіліс депутаты Айдос Сарым «Қорғастағы» заңсыз схемалардан пайда көргендердің кінәсі дәлелденсе, олардың аты-жөнін жариялауға уәде берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Біз бұл тізімді алғымыз келеді. Біз біреуді ренжітуден аулақпыз. Егер біреуге қатысты оның шынымен заңсыз әрекет жасағаны сот немесе тергеу арқылы дәлелденсе, біз, әрине, оларды айтамыз», – деді Сарым.
Бұл ретте ол алдымен мәжілістегі «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері жағдайды зерделеп, «кеден бекетінен бастап, делдалға дейін барлығымен сөйлесуді» көздеп отырғанын жеткізді.