Bugin
Қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деп айыпталған вайнер Мейіржан Төребаев өзін қаржы пирамидасының құрбаны санайды, деп хабарлайды bugin.kz порталы.
Мейіржан Төребаев Orda.kz тілшісіне қаржы пирамидасы ретінде танылған Mudarabah Capital-ға сенетінін, өйткені ол жерде достары бар екенін және режиссер Руслан Бұрқановты бұрыннан танитынын айтты. Одан бөлек ол кепілдікке беруі керек 3 миллион теңгені әлі төлемегенін айтып өтті.
Төребаевтың айтуынша, оған инвестиция ретінде салған 10 миллион теңгесінің 4 миллион теңгесі ғана қайтарылған. 2021 жылдың шілдесінде ол жәбірленуші деп танылады, Алайда кенеттен «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару» бойынша күдікке ілінген.