Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстанда қаңтар оқиғасында ұсталып, "террорст" деп айыпталған қырғызстандық джаз музыканты Викрам Рузахұнов Қазақстан полицейлері мен мемлекеттік БАҚ-тарына алғыс білдірді.
"Маған шынымен жаны ашып, қорғаштаған адамдарға зор алғысымды айтамын. Ең алдымен қазақстандық БАҚ-қа... Иә-иә, сіздерге көп рақмет. Егер менің сұхбатым болмағанда, мені ешкім танымас еді. Сіздер жазып берген мәтінді оқып, тәртіп сақшылардың күштеуімен камераға сөйлеп аман қалдым. Журналистерге де, полиция қызметкерлеріне де мен танымал адаммын, Қырғызстанда тұрақты жұмысым бар дегенде ешкімі сенбеді. Менің арқамда әлем Қазақстандағы оқиғаға шынайы баға беруге негіз тапты", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Музыканттың айтуынша, қазақстандық сақшылардың тепкісі мен зорлық-зомбылығынан енді ес жиып жатса керек.
"Бүгін ғана бетім бері қарады. Дәрігерлерге көп рақмет. Қабырғам сынды. Енді болмағанда бір-екі тепкі тигенде, жүрегім жарылып кететін екен. Тергеуге алған сақшыларға менің жеке деректерімді тексеруін өтініп қанша рет айттым. Тым болмағанда ғаламтордан іздесе болар еді. Бірақ тексерудің орнына соққы көріп, балағат естідім", - дейді ол.
Сөз барысында музыканты Қырғызстанның президенті Садыр Жапаровқа, Қырғыстан Ұлттық қауіпсіздік комиеті төрағасы Қамшыбек Татиевке, Қырғыз елшілігіне және өзіне жақтас болған барлық әншілерге алғысын айтты.
Айта кетейік, қырғыз әншісі Викрам Рузахұновқа Қазақстандағы жаппай бүлікке қатысты, ұйымдастырушылардың қатарында болды деген айып тағылған еді. Әрі дәлел ретінде Қазақстан телеарнасында сөз сөйлетіп, 2 қаңтар күні Қырғызстаннан ұшып келіп, 90 мың теңге үшін көтеріліске қатысқанын мойындатқан-тұғын.
Алайда кейін қырғызстанның ресми органдары араша түсіп, джаз музыкантын елге қайтарды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61