Bugin

Айдос Сарым ҰҚК-ін өзгертуді ұсынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Ұлттық қауіпсіздік комитетін өзгертіп, қайта құруды ұсынды. Бұл жайлы Bugin.kz хабарлайды.

"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі өзгеруі керек. Ең алдымен атын өзгерту керек деп ойлаймын. Ішкі құрылымын да қайта жасақтау қажет. Шекара қызметін бөлек, барлау қызметін бөлек жіберген дұрыс. Қарсы барлау қызметі бөлек дегендей. Бұл менің ойым", - деп түсіндірді Сарым.

Оның айтуынша, қазір мәжіліс депутаттары күштік құрылымды өзгертудің жолдарын іздеп, заң жобасына өзгеріс енгізуді пысықтап жатыр.

Айта кетейік, Қазақстанда қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары бірінен кейін бірі ұсталған еді. Кәрім Мәсімовке мемлекетке сатқындық жасады деген айыппен қамауға алынса, оның екі орынбасары Ануар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де ұсталды.

Ал 8 ақпан күні ҰҚК-нің "А" арнайы қызметінің бастығы мен орынбасары ұсталған еді.