Bugin
Ресей мен Қазақстан – Құдай қосқан көршілер. Сондықтан арасында серіктестік пен ынтымақтастық ұстанудан басқа амал жоқ. Осылай деді ҚР президенті Қ.Тоқаев ресейлік әріптесі В.Путинмен кездесуде.
"Белгілі бір жетістікке жету үшін стратегиялық серіктестік пен тығыз қарым-қатынас қажет. Қазақстан мен Ресей – тәңір қосқан көршілер. Сондықтан саяси серіктестіктің арқасында көптеген нәтижелерге қол жеткіземіз деп ойлаймын", - деді ол кездесуде.
Президент екі елдің шекарасы құрлықтағы ең ұзын шекара екенін еске салды.
"Басқа амал жоқ. Серіктес болу, бейбіт қатынаста болудан басқа жол жоқ. Болуы да мүмкін емес", - деп атап өтті Тоқаев.