Bugin

Ұжымдық қауіпсіздік әскері тағы да Қазақстанға келмек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ОДКБ) әскері биыл тағы да Қазақстанға келмек. Бұл жолы шеруге емес, бейбіт оқу-жаттығуларға келеді. Бұл жайлы Ресейлік БАҚ хабарлады.

"Қазақстан аумағында түрлі әскери құрамаларды даярлауды күшейтетін бірлескен оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отырмыз. Барлау күштерін сынайтын "Іздестіру-2022" оқу-жаттығуын, ҚШҰ әскерлерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша "Эшелон-2022" оқу-жаттығуы, Орталық Азия өңіріндегі дағдарысты жағдайды реттеу мақсатындағы міндеттерді пысықтаумен ҰҚШҰ жедел ден қою ұжымдық күштерімен командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізгіміз келеді", - деп мәлімдеді ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы Анатолий Сидоров.

Сондай-ақ, бейбіт әскердің Тәжікстан мен Қырғызстанда да оқу-жаттығулары өтпек.

Айта кетейік, Ұжымдық Қауіпсіздік туралы шарт ұйымына Қазақстан, Ресей, Армения, Белоруссия, Қырғызстан мен Тәжікстан кіреді.