Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен «Росатом» атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы кадрларды даярлау бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесуінде Қазақстанның атом энергетикасын құруға ниетті екенін айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Ресей Үкіметінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
- «Атом энергетикасы саласы бойынша мамандарды даярлауға келсек, менің түсінігімше, келісімге қол қойылды. Бұл осы бағыттағы алғашқы қадам. Біз Қазақстанда атом энергетикасының жеке, әсіресе маңызды саласын құру үшін ілгері жылжи береміз деп ойлаймын», - деді Тоқаев.
Қазақстандық делегацияның Ресейге сапарының нәтижесінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен «Росатом» мемлекеттік атом энергетикалық корпорациясы арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы кадрларды даярлаудағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61