Bugin

Ең бақытты адамдар қай күні дүниеге келген? - астрологтар жауабы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ең бақытты адамдар айдың қай күндері дүниеге келетінін астрологтар мен нумерологтар айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Олардың пікірінше, әр айда ең бақытты адамдар дүниеге келетін белгілі бір күндер бар көрінеді.

Тоқты

Бұл жұлдыз белгісінің өкілдері - мықты адамдар, қай кезде де өзгелерге көмектесуге дайын тұратын мінезге ие.

Олар үшін ең сәтті күндер - кез келген айдың 2, 8, 24 және 29-ы.

Торпақ

Торпақ қиындықтарды жеңуге көмектесетін жарқын келбетті сипатқа ие.

Бұл жұлдыз белгісіндегі бақытты адамдар 2, 5 және 30-да дүниеге келеді.

Егіздер

Бұл шоқжұлдыздың өкілдері интеллектуалды, дуалист және авантюрист.

Ең үлкен табыс оларға 1, 2 және 19-да келеді деп уәде етілген.

Шаян

Шаян - зодиак белгілерінің ең қиыны және олар үлкен мүмкіндіктерге ие адамдар.

1, 2, 7, 8, 12 және 30-да дүниеге келген адамдар сәттілік пен бақытқа ие бола алады.

Арыстан

Арыстан белгісінде туылғандар ақылды, жұмбақ жандар.

Арыстан үшін бақытты күндер - 4, 8, 12, 22 және 30-ы.

Бикеш

Бикеш - белгісіндегілер ең ақылды, жұмбақ және ерекше сұлу жандар.

Егер осы шоқжұлдыздың өкілдері 2, 6, 28, 30-да дүниеге келген болса, олар өздерінің болашағына алаңдамауы тиіс, себебі бақыт өзі-ақ келеді.

Таразы

Таразы белгісінде туылғандар - ақылды, дарынды және жан-жақты адамдар, олармен әлемді зерттеу әрқашан оңай және қызықты. Олар өз өмірінде көшбасшы болуды жақсы көреді.

Олардың ең бақыттылары 7, 8, 9, 10, 28 санында туылғандар.

Сарышаян

Сарышаяндар адамдармен оңай араласады, сонымен қатар сиқырлы қабілеттерге ие.

Сандар оларға сәттілік әкеледі: 1, 2, 10, 29.

Мерген

Бұл зодиак белгісінің өкілдері отты, жігерлі, кез келген өмірлік шешімдерді оңай қабылдайды, олар қыңыр және батыл бола алады.

5-ші, 8-ші, 18-ші, 10-шы, 20-шы және 23-ші күндері туылған адамдар - ең табысты адамдар.

Тауешкі

Таушешкілер қыңыр, қатал, кейде өте жалқау, олар көп жұмыс істемей-ақ ақша табуды ұнатады.

Олар үшін бақытты күндер - 1, 5, 3, 11, 23.

Суқұйғыш

Бұл шоқжұлдыздың өкілдері - өзін-өзі қамтамасыз ете алатын, ақылды және дарынды адамдар. Олар өздерінің ерік-жігерінің арқасында айналадағы адамдарды тартады.

Олар үшін бақытты күндер - 1, 6, 7, 8, 14, 12.

Балықтар

Балықтар - өз өмірінде көшбасшы болуды білетін ақылды, дарынды және өзіне сенімді адамдар.

7, 14, 29, 28, 5, 10 сандары оларға сәттілік әкеледі.