Bugin
Ресейге Батыс тарапынан санкция салынса оның Қазақстанға жанама әсері тиуі мүмкін. Бұл туралы саясаттанушы Асхат Қасенғали Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Егер Ресей мен Беларусьтің, олардың саясаткерлерінің ойынша Қазақстан тарапы қарыздар болып қалуы мүмкін. Яғни, қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін оларға саяси тұрғыдан алғанда қарыздармыз. Енді, Украина мен Ресей арасында әскери қақтығыс болып кетсе ҰҚШҰ-ға ұсыныс жасауы мүмкін. Бұл жерде Ресей емес, Белоруссия тарапынан жасалуы мүмкін. Агрессия жасалып кетті. Ал, егер агрессия жасалса ҰҚШҰ шартты ұйымына мүше мемлекеттер бірлесе жауап беруі тиіс. Ал, басқа мемлекеттің аумағында болып жатқан мәселелерге араласпайды. Мысалы, Қарабақ. Қарабақты Әзірбайжанның жері деп танығанбыз. Егер де осындай мәселелер болып қалған кезде және агрессия жасалды деп ұсыныс жасайтын болса, қолдауға мәжбүр болып қаламыз ба деген. Енді агрессия жасалмауы мүмкін ғой деген мәселе туындайды. Жанама тұрғыдан әсері болады. Себебі, Батыстан салынатын санкцияның Қазақстанға әсері бар. Ресейдің экономикасына салынған санкциялардың жанама әсері болды, сол әсер 2-3 есе еселенуі мүмкін. Әлемде болып жатқан құбылыс сөзсіз басқа мемлекеттерге әсер етеді» - деді Асхат Қасенғали.