4 пайыз несиеге берілетін көліктер тізімі жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автокөлік құрастыру басқармасы қызметкері жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына қанша қаржы бөлу жоспарланып отырғанын, бастапқы жарна қанша болатынын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

ИИДМ 2027 жылға дейін жеңілдетілген автонесиеге 250 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отырғаны айтылды. Мемлекет бюджетінен 150 миллиард, ал "ӨКМ Операторы" кәдеге жарату төлемінен 100 миллиард жұмсалады.

- «2022 жылы мемлекет бюджет тарапынан бастапқыда 30 милиард теңге бөлу көзделіп отыр. Келесі жылы 45 миллиард, 2024 жылы 50 миллиард беріледі», - делінген хабарламада.

Үкімет кәдеге жарату төлемі тарапынан ақша бөлу идеясын қолдаса, 100 миллиард теңгесі халықтың осал топтары үшін бастапқы жарнасыз несиеге бөлінеді. Бірақ 4 пайызбен тек 10 миллион теңге беріледі. Сонымен қатар, жеңілдетілген автонесие үшін де осындай 10 миллион деген шекті белгілеу жоспарланып отыр. Қымбатырақ көлік сатып алғысы келетіндерге айырмашылықты өз қалтасынан төлеуге тура келеді. Ал банктер тұтынушылардан бастапқы жарнаны талап ету немесе талап етпеу мәселесін өздері шешеді. Ведомство өкілі кезек туралы айтты. Бүгінде 15 мыңнан аса қазақстандық жеңілдетілген автонесиеге кезекте тұр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61