Bugin
Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның Мәжіліс депутаттығынан дереу отставкаға кетуін талап ететін петиция құрылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
- «Елбасының үлкен қызы Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуі мүмкін деген мәселе көптен бері күн тәртібінде тұрған, бірақ Назарбаева Орталық сайлау комиссиясына ресми өтініш берген жоқ. Көмекшісінің айтуынша, ол коронавируспен ауырғаннан кейін еңбек демалысында. Кейбір ақпарат көздері оның Дубайда екенін айтты. Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуін талап етеміз!» - делінген петицияда.