Спорт

Шетелдік сарапшы Қанат Исламның карьерасына қатысты бар шындықты айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) карьерасының соңында биіктен көрінуді дәметпейді де. Бұл туралы WorldBoxingNews редакторы Фил Джей айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қанат 21 қаңтар АҚШ-тың Плант-Сити қаласында британиялық Джимм Келлимен (25-2, 10 КО) жұдырықтасу керек болатын. Алайда Covid-19 ошақтарының көбеюіне байланысты жекпе-жек 25 ақпанға ауыстырылды. 

- «Қанат Ислам үлкен жекпе-жектер туралы ойламайды да. Қазір оның мақсаты басқа. Жылына бір айқас оған жеткілікті. Ол енді өзінің промоутерлік компаниясын жарнамалап жүр немесе басқа мақсаты бар. Ал чемпиондық айқас туралы ойламайтыны анық. Алдағы жекпе-жек оның карьреасындағы соңғылардың бірі деген ойдамын. Рингте тағы бір-екі рет көретін шығармыз, бірақ, оның уақыты келді», - дейді Джей.