Спорт

Жақсыбеков ҚФФ президентіне сайлауға түсуден бас тартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясының президенттік сайлауына қатысудан бас тартты. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

Комитет ҚФФ президенті сайлауына қауымдастық мүшелері ұсынған үміткерлердің құжаттарын қарады. Сайлау 2022 жылдың 28 ақпанында ҚФФ Конференциясында өтеді. 

ҚФФ-ның қазірші президенті Әділбек Жақсыбеков кандидатурасы сайлауға қатысудан бас тартуына байланысты тіркелмеді. 

Жиын қорытындысы бойынша алдағы сайлауға келесі үміткерлер тіркелді: 

Барменқұлов Әділет Назарбайұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, "Қазақстан Футбол федерациясы" қауымдастығы" ЗТБ президентінің кеңесшісі;

Жарылқасынов Ерлан Еркінбекұлы – "Қазақстан әуесқой футбол лигасы" ҚБ төрағасы;

Қаниев Берік Сералыұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, "Lancaster Group Kazakhstan" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;

Лория Давид Григорьевич – Нұр-Сұлтан қаласының Футбол федерациясы қауымдастығы ЗТБ президенті;

Оразбеков Қайрат Айтмолдаұлы – ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі, "Қайрат" АФК президенті;

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61