Weekend

Қазақстандағы ең танымал дизайнерлер кім?

Назарларыңызға 4 дизайнерді ұсынамыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның фэшн индустриясы әлемдік деңгейден артта қалған деп жатады. Бірақ, сән әлеміне өз есімдерін жазып, тек елімізде емес, шетелдерде де танымал болып жүрген отандық дизайнерлеріміз баршылық. Олар кімдер екен?

Аида Кауменова 


Аида Кауменова – әдемі, сәнді, көркем pret-a-porter de lux коллекциясын шығарушы, табысты дизайнер. Аида бірнеше жылдан бері өзінің жеке маркасында (Aida KaumeNOVA) брендтті киімдер шығаруда. Бұл бренд тек қана Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар басқа да шет елдерден өз орнын табуда. Арт-директордың мамандығынан кейін Аида «Aida KaumeNOVA» сән үйін құрды.

Ая Бапани


Бүгінгі күні Aya Bapani брендімен танымал Ая қазақстандық сән әлеміне өзгеріс алып келген дизайнерлердің бірі. Қазақ тарихынан, этнографиясы мен өнерінен шабыт алатын Ая: «Киізден жасалып, қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен сәнделген коллекциямдағы әрбір туындым оның иегеріне қазақи рух беріп, кең-байтақ қазақ даласының күшін сезіндіреді» – дейді.

Наиль Байкучуков 


Наиль Байкучуков - Қырғызстанда да, Қазақстанда да танымал  дизайнер. Ол өз коллекцияларын подиумда ұсына отырып, сән апталарына бірнеше рет қатысты. Дизайнердің керемет көйлектерін отандық және шет ел жұлдыздарының үстінен жиі байқаймыз.

Салтанат Баймұхамедова


Салтанат Баймұхамедова- ерекше сән  үлгісімен танылып жүрген жас дизайнерлердің бірі. Отандық сән индустриясының жарқын өкілі сән әлеміне  2000 жылы келген болатын. Ол алғашқы жобасын «F… you» желісімен жастарға арналған киім үлгілерін  тігіп  бастады.Ол 2008 жылдың наурыз айында «Trend&Tendance» агенттігінің қолдауымен Париж қаласында алғашқы сән көрсетілімін жасады.  Шетелдік сән аренасы жас дизайнерге ерекше шабыт берген болатын.  Париждегі сапарынан кейін Салтанат Баймұханова «Salta»  брендімен нарықта таныла бастады.