Bugin
«Хабар» агенттігінің басшысы Ерлан Бекхожин қызметінен кетті. Бұл туралы Bugin.kz порталы агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
- «Хабар» агенттігі басқарма төрағасы Ерлан Бекхожиннің еңбек шартының аяқталуына байланысты өкілеттіктерін тоқтатқанын хабарлайды», - делінген жұма күні тараған хабарламада.
«Хабар» агенттігі» АҚ-да 2019 жылдан бері жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ринат Кертаев тағайындалды. «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды.