Bugin
Бұл туралы Әділет министрлігі алқасының кеңейтілген отырысында вице-министр Азамат Әмірғалиев хабарлады, деп жазады Baq.kz.
Оның айтуынша, ведомство мемлекеттің қызығушылығын қорғау бойынша бірнеше шаралар атқарған.
"460 млн АҚШ долларынан асатын соманы құрайтын мемлекеттің қызығушылығы қорғалды. Осылайша, екі дау бойынша 530 млн АҚШ доллары елге қайтарылды. Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға 8 мыңнан астам куәлік пен өнеркәсіп меншігіне қарайтын нысандарға 12 мыңнан астам қорғау құжаты берілді", - деп атап өтті вице-министр.
Сондай-ақ ол 2021 жылғы республикалық бюджеттің игерілуіне тоқталды.
Былтыр министрлікке республикалық бюджеттен 53 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Ол толықтай көлемде игерілді. Әділет органдарының азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуде министрлікке жүктелген міндеттерді орындау бойынша жұмыс жалғастырылады, - деді Азамат Әмірғалиев.