Денсаулық
Денсаулық
Медициналық көмек көрсетудiң қолжетiмдiлiгiн, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететiн бiрыңғай дамыған, әлеуметтiк бағдарланған жүйенi бiлдiретiн денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуi тұрғысынан алғанда республикадағы негiзгi басымдықтардың бiрi.
Президент Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегi жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында елiмiздiң дамуының жаңа кезеңiндегi мемлекеттiк саясаттың бiр бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесiн дамыту болуы керек деп атап көрсеттi. Медициналық қызметтердiң сапасы кешендi ұғым және ол көптеген көлемдi себептерге байланысты, олардың iшiнде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың кәсiби деңгейiн және оны арттыруға деген уәждемесiнiң болуын, медициналық көмектi ұйымдастыру мен көрсету үдерiстерiн басқарудың қазiргi заманғы технологияларын енгiзудi, медициналық көмекке ақы төлеудiң тиiмдi әдiстерiн енгiзудi бөлек атап өткен жөн. Медициналық қызметтердiң сапасын басқаруды жетiлдiру Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейiн стратегиялық дамыту аясында маңызды орын алады.