Bugin

Өзбек саясаткері Кеңес одағын қайтаруды ұсынған Лукашенкоға қатаң жауап берді

Ал біздікілер неге үндемейді. 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзбекстанның Миллий тикланиш партиясының төрағасы Әлішер Қадыров беларусь президенті А.Лукашенконың мәлімдемесіне жауап берді.

Лукашенко осыдан бірнеше күн бұрын ресей журналисі В.Соловьевке берген сұхбатында аймақтағы қауіпсіздік пен экономикалық дамуды қолға алу үшін Біртұтас одаққа бірігу керегін атап айтқан еді. Оның айтуынша, бұл одаққа посткеңестік елдердің барлығы мүше болатыны сөзсіз.

"Біз Ресеймен біріктік. Қазақстандағы оқиға (қаңтар трагедиясы – ред.) жақсы сабақ болды деп ойлаймын. Алдағы 15 жылдың ішінде бұл одаққа бәрі мүше болады. Украина да кіреді. Арменияның қосылмасқа амалы жоқ. Түркіменстан мен Өзбекстан, Тәжікстан да шет қалмасы анық", - деп мәлімдеген Лукашенко.

Алайда бұл мәлімдеме өзбек саясаткерлеріне аса ұнамаған сыңайлы. Шұғыл жауап бергендердің бірі партия басшысы Әлішер Қадыров "мұндай одақ құрдымға кетеді" деп пікір білдірді.

"15 жылдың ішінде бүкіл посткеңестік елдер бірігіп, халық саны 350-400 млн болады дегені не сасқаны... Зорлық-зомбылық пен қысым-қинаудың соңы жақсылыққа апармайтынын, ондай елдің ел болмайтынын тарих көрсетіп берді. Кеңес империясын құрғысы келгендерді ешкім жақтыра қоймасы анық. Мұндай мәлімдеме әлеуметтік дүмпуге әкеліп соғуы мүмкін. Соны ескеріңіз", - деді Қадыров.