Bugin

Ресей әскери жаттығу деген сылтаумен Қара теңізді қоршап алды

Жаттығу мен әлде соғысқа дайындық па

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей әскери жаттығу өткіземіз әрі соған байланысты әуе қатынасына шектеу қоямыз деп Қара теңіз бен Азов теңізінің Қырымға жақын өңірін қоршап тастады. Ал бұл Украинаның тәуелсіздігіне тікелей қауіп төндіретін шақ, деп хабарлады BBC.

Бүгін, 11 ақпан күні таңертең, Ресей көршілес елдерге әскери хабарлама жіберіп, әскери жаттығу өткізу үшін Қырым түбегінің сегіз өңірін жауып тастады. Бұл маңайдан не ұшақ ұша алмайды, не кеме өте алмайды.

Ресей таратқан хабарға сенсек, әскери жаттығу 14 ақпанға дейін жалғасады.

Ал Украина тарабы байбайламға салуда. Елдің Қорғаныс күштері Азов теңізінің оңтүстігі мен Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағы түгелдей қоршауға алынғанын әрі мұның Украина тәуелсіздігіне тікелей қауіп төндіретін жағдай екенін айтып жатыр.

"Әсіресе, Украина кемелерінің өтуі жолын бір-ақ бітеп тастады", - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта.

Ал Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков болса, сауда жолын жаппағанын, ашық тұрғанын әрі қоршалған аумақтың халықаралық құқықты бұзбайтынын алға тартты.

Ресей таратқан ақпараттағы қоршалған аумақ пен Украина таратып отырған жабық аумақтың картасы екі түрлі.

Ресей бұл аумаққа 6 ірі десант кемесін әкеп орналастырған екен. Қара теңіздегі тағы біреуін қосқанда барлығы 7 ірі кеме жаттығуға шыққан.

Одан бөлек, Тынық мұхиты флотына крейсер мен алып танкер, қайыққа қарсы кеме, Солтүстік флоты зымыран крейсері мен фрегат, тағы бір алып қайыққа қарсы кемені алып келген.

Батыс елдері мұны Ресейдің көрші Украинаға соғыс ашу үшін әкеп, астыртын дайындалып жатқан ісі болса керек деп жорамалдайды.