Bugin

Арзан автонесиенің екі түрі қарастырылып жатыр

Бастапқы жарнасыз несие 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда қазір жеңілдетілген автонесиені берудің түрлі жолдары қарастырылып жатыр. Негізінен 2 жолы негізге алынып отыр. Оның бірі – алғашқы жарнасыз несие беру болса, екіншісі – аз пайызбен 4 жылға дейін несие беру.

Қазір осы нұсқа пысықталып, зерттеліп жатыр. Шешім кейін белгілі болмақ. Мұны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан жеткізді.

"Уәкілетті мемлекеттік органдар жеңілдікпен автокредиттеудің жаңа бағдарламаларының 2 нұсқасын қарастырып жатқанын айтқым келеді. Бірінші нұсқада жеңілдікті несиелеуге 4 жылға (бірінші жылға – 30 миллиард) бөлінген 150 миллиард теңге бағыттау қарастырылуда. Кредит беру шарттарын 2015 жылдан іске қосылған ескі бағдарламалармен бірдей етіп қалдыру ұсынылып отыр", - деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің баспасөз хатшысы.

Ал екінші нұсқасы – халықтың осал әлеуметтік топтарына бастапқы жарнасыз несие беру. Оған "Оператор РОП" компаниясының 100 млрд теңгесі бағытталмақ.

Бір адамға берілетін несиенің шектік сомасы – 7 млн теңге болуы мүмкін.

Мемлекеттік органдардың қашан нақты шешім шығарары белгісіз.