Bugin

Сақ болайық: Алаяқтар адам алдайтын тағы бір айла тапқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алаяқтар AnyDesk пен TeamViewer компьютерлік бағдарламалары арқылы ақша ұрлайтын  айла ойлап тапқан. Мұны астаналық полицейлер айтып отыр.

Жоғары аталған екі бағдарлама – компьютер мен ұялы телефонды қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін қосымшалар.

"Мобильді банкинг жүктеп алған телефонға AnyDesk пен TeamViewer бағдарламаларын жүктеуге абай болыңыз. Мүмкіндік келсе, жүктемеген дұрыс. Алаяқтар ұялы телефонды жақсы қолдана алмайтын адамдарға осы бағдарламаны жүктеп алып, қолдануға кеңес береді. Бағдарламаны жүктелген соң, банкинг қосымшаға еніп, ақшаны сыпырып алады", - деп түсіндірді полицейлер.  

Алаяқтардың адамдарды көп алдап жүрген айласының бірі – банк қызметкері болып өтірік хабарласу. Кейде тіпті алаяқтар банктің ресми колл-орталығының нөмірін жасатып хабарласатын кездері болады екен.

"Сіздің атыңыздан біреу ақша аударып жатыр деп сізді шатастырып, ары-бері алдап, банк картасының нөмірін, CVV-код мен тіпті телефонға келген СМС-кодтың өзін сұрап алуы мүмкін. Бұған жол бермеңіз. Егер расымен банк қызметкері болса, мұның бәрін сұрамайды. Әсіресе, СМС-кодты жіберуден сақ болыңыз", - деп Нұр-Сұлтан қаласы ПД Криминалды полиция бөлімінің басшысы Талғат Бөлегенов.