Bugin

Зеленский биліктен айырылуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украина президенті Владимир Зеленский тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын бірінен кейін бірін жауып, үлкен қарсылыққа тап болды. "Егер бұл әрекет тоқтатпаса, биліктен айырылып, мүлдем карьерасына дақ түсуі мүмкін" деп ескертеді украиналық партияның басшысы Борис Колесников.

Бұл жайлы саясаткер Facebook-те тікелей эфирде айтты.

"Менің айтарым біреу-ақ: тәуелсіз БАҚ-пен жауласқан саясаткер – жардан құлаған адаммен бірдей. Ақыры жақсы емес", - деп ескертеді.

Колесниковтің айтуынша, Зеленский билікке келгеннен бері тәуелсіздік телеарналардың көбі жабылып қалды. Президент пен оның айналасындағылар тәуелсіз БАҚ-тардың лицензиясынан бірінен кейін бірін тартып алып жатыр.

"Бұған дейін украинаның 5 президентінің бірде-бірі мұндай арам қадамға бармаған еді. Тіпті, журналистті өлтіруге дейін барып жатыр. Екі журналист қаза болды. "112 Украина", NewsOne и ZIK телеарналары жабылып тынды. Тағы бірнеше портал санкцияға тап болды", - деп ашып айтты саясаткер.