Bugin

Депозит, алтын, акция: Ақшаны қайда "салған" дұрыс?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Ұлттық банкі 2021 жылы қай нәрсеге инвестиция салған мол табыс әкелгенін есептеп көрді. Табысты есептеуге 10 мың теңге негіз етіп алынған. Кіріс теңге, доллар және рубль валютасы бойынша есептеліп, қайсысының табысы мол болғанын анықтап көрді.

Бұл зерттеу қолда бар азын-аулақ ақшасын неге инвестицияларын білмей жүрген адамдарға көмек болар.

Салыстыру нәтижесінде 2021 жылы ең жоғары кіріс әкелген инвестиция түрі – бұл акцияны сатып алу немесе акцияға ақша құю екен. Қазақстандық компанияларға қаржы салғандар былтыр 37,4% пайда тапқан.

Акцияға теңгемен салынған қаржы 14%, доллармен салынған қаржы 3,63%, рубльмен салынған қаржы 3,15% кіріс әкелген. Бұдан теңгемен салынған акцияның молырақ табыс әкелетінін байқаймыз.

Ал орташа кіріс әкелген инвестиция – депозит екен. Теңгелік депозиттер 14 пайыз, шетелдік валютамен салынған депозиттер 1 пайыз кіріс әкелген.

Алтынға салынған инвестиция табыс әкелудің орнына шығынға батқан екен. Шамамен, 1,67 пайыз табыстан айырылған.