Bugin
Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып Арман Қырықбаев тағайындалды.
Арман Қырықбаев 1976 жылы 20 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясының түлегі болып табылады. Мамандығы бойынша халықаралық экономист. Мемлекеттік қызметте, мәдениет және жастар саясаты саласында 25 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар.
2015 жылдың қазанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы әкімінің ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар саясаты, тілдерді дамыту және басқа да мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
Айта кеткен жөн, кеше Алматы қаласының экс-әкімі Б.Сағынтаевтың орынбасары жұмыстан кеткен еді.