Bugin
2022 жылы 11 ақпан күні Түркіменстан басшысы Г.Бердімұхамедов президент болып сайланғанына 15 жыл мерейтойына орай биыл президенттік сайлау өтеді деп мәлімдеді. Сайлау 12 наурыз күнге бекітілді.
Саясаткерлер түркіменбашының бұл әрекетін билікті жанұя мүшелерінің біріне беруге дайындалғанын білдіреді деп болжам жасауда.
Мәселен, Азаттық радиосының түркімен қызметінің басшысы Фаррух Жүсіптің айтуынша, Түркіменстанда билікті транзиттеу, басқа біреуге беру мәселесі 3 жыл бұрын басталған. Осы аралықта ол жалғыз ұлын билікке келуге дайындап болған сыңайлы деген пікірде.
"Бердімұхамедовтің ұлы Сердардың саяси карьерасы бір жылдың ішінде кәдімгідей өрге домалады. Бір жыл бұрын вице-премьер болып тағайындалды. Яғни, Бердімұхамедовтің оң қолы болып шыға келді. Кіші Бердімұхамедов жұмыс сапарымен аймаққа барса болғаны – бәрі президент құсап қарсы алады. Сондықтан бұл сайлау сөзсіз Сердар Бердімұхамедовті президенттікке тағайындаудың амалы", - деп түсіндіреді Фаррух Жүсіп.
Оның айтуынша, Бердімұхамедовтің өзі қазақстандағыдай "Елбасы", "Түркіменбашы" мәртебесін алып, президенттіктен де биік шенді иеленбек. Ал елді басқаруды ұлына қалдырмақ.
"Түркіменбашы Халық мәслихатын шақырып, билік транзитін өткізумен басы қатып жүргенде, түркімен халқы аш-жалаңаш отыр. Жұрт нан алу үшін кезекте тұр. Кеше ғана нан ала алмаған жұрт жергілікті базарлардың бірінде шу шығарып, дүкеннің тас-талқанын шығарды. Бұл жағдайды үкіметті толғандырып тастады. Өйткені қазақстандағы жағдайдың бізде де болмасына кім кепіл", - дейді ол.