Bugin

Назарбаевтың ескерткішін бұзған айыпталушы өзін азаптағандарды атады - адвокат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін бұзуға қатысушы Азамат Батырбаев оны үтікпен азаптаған күш құрылымдарын анықтады. Бұл туралы оның адвокаты Бауыржан Азанов айтты, деп хабарлады bugin.kz порталы.

«Азамат Батырбаев өзін азаптаушыларды анықтады», - деді Азанов.

Айта кетейік, 31 қаңтарда Талдықорғандағы Назарбаев ескерткішін бұзу ісін арнайы прокурорлар тергеп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Ақпанның 2-сі күні Бас прокуратура наразылық күндері Назарбаев ескерткішіне жүк көлігін айдап барып, мүсінді бұзуға көмектескен Азамат Батырбаевты үтікпен азаптады деген ақпараттан кейін қылмыстық іс қозғалғанын да білесіздер.