Bugin

Азамат Сатыбалды қызметінен кетті: Мүсірепов театрына жаңа басшы тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Азамат Сатыбалды Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызметінен босатылып, министр Дәурен Абаев өнер ордасының жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Театр директоры болып Есеналиев Талғат Қамқабайұлы тағайындалды.

«Алматы қаласына жасаған іс-сапар барысында Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына бардым. Театрдың жұмысымен танысып, Есеналиев Талғат Қамқабайұлын аталған мәдени нысанның директоры қызметіне тағайындадым.

Бүгінге дейін осы театрдың ілгерілеп, дамуына айтарлықтай еңбек сіңіргені үшін Сұрапбаев Азамат Сатыбалдыұлына алғысымды білдіремін. Ал Талғат Қамқабайұлына алдағы жауапты қызметте сәттілік тілеймін», - деп жазды Дәурен Абаев Facebook желісіндегі парақшасында.