Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматыдағы тәртіпсіздіктерден кейін 40 күн өткен соң қала тұрғындары қасіретті қаңтар оқиғасын еске алды. Кейбір әйелдер сол күні зорланғандарын да айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Құқық қорғаушылар бұрын белгісіз болған фактілер туралы хабарлады. «Ақиқат» қоғамдық комиссиясының қаңтар айындағы оқиғаларды тергеу жөніндегі жетекшісі Айман Омарова әйелдердің бірінің сол күні топтық зорлауға түсіп қалғанын айтып берді.
– Бірақ ол арыз жазғысы келмейді, ал мен адамды арыз жазуға мәжбүрлей алмаймын. Сол күні топтық зорлау болды. Олар оны сүйреп зорлады. Оның шок алғаны соншалықты, «Тани аласың ба?» дегенде, «Бірін ғана, қалғандарын жоқ» дейді, – деді Айман Омарова.
Қоғамдық белсенділер мен заңгерлер зардап шеккендердің отбасыларына көмектесуге тырысуда. Олардың барлығы дерлік психологтардың қолдауына мұқтаж дейді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61