Bugin

Щучинск тұрғыны Тоқаевқа үтік жібермек болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Щучинск тұрғыны Тоқаевқа «Тоқаев және КО» деген жазуы бар үтік жібермек болған. Оған өшпенділік тудырды деген айып тағылды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

13 қаңтарда Владимир Прокопьев Instagram желісінде Щучинск әкімдігінің ғимаратына кірмек болғаны туралы видео жариялады.

Кейін ол өзінің қамауға алынғанын хабарлады.

- «Бұл азамат ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабының 11-бөлігі (Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.